Жерлестер «ЖАҢАРУ КҮНІНЕ» орай шырша отырғызды

0

19 наурызда  әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойланды. Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналып, оны қордайлықтар тамаша көңіл-күймен атқарды.

Осы күні аудан әкімі Бегзат Болатбеков бастаған мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, ардагерлер ұйымы мен этномәдени орталықтары өкілдері Қордай ауылында шырша ағашын отырғызып, Жаңару күнін ерекше атап өтті.

Жаңа отырғызылған жасыл желектер ауыл ажарын ашып, көркіне көрік қосып, шырайландыра түсері анық. Жаппай ағаш отырғызуға жиналған қордайлықтарға аудан басшысы жалпы Наурыз бойынша бірқатар ой-пікірмен де бөлісті.

— Мемлекет басшысының ұсынысымен биыл Наурыз мейрамының арнайы тұжырымдамасы жасалып, бұдан былай жыл сайын 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндігі өткізілетін болып шешілген болатын, — деген Бегзат Сейсенқұлұлы: «Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін, — деген Президент ойымен сөзін сабақтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.