Көп ұзамай көктемгі дала жұмыстары басталады. Осы орайда ауданның ауыл шаруашлығы саласында былтыр қол жеткізген жетістіктерге тоқтала кетсек. Қордай ауданы ауыл шаруашылығы саласында тұрақты даму көрсетіп, өндіріс көлемін жыл сайын арттырып келеді. 2024 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 83,6 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,8%-ға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда өсім бар екенін айғақтайды.
Ауданда егін шаруашылығы өнімінің көлемі 49,9 млрд теңгені құрап, 109,3%-ға орындалды. Бұл салада жаңа технологияларды енгізу, су үнемдеу әдістерін пайдалану және мемлекеттік қолдау шараларының ықпалы зор.
Мал шаруашылығы өнімінің көлемі 33,5 млрд теңгені құрады. Осыларыдң ауыл шаруашылығына салынған инвестицияларға тоқталсақ, 2024 жылы Қордай ауданының ауыл шаруашылығы саласына 2,86 млрд теңге инвестиция тартылылыпты. Оның ішінде мал қора салуға – 2,53 млрд, су үнемдеу технологиясы мен жаңа техника алуға – 333,7 млн. теңге. Бұл қаржылық қолдау аудандағы ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын нығайтуға, өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған. Қордай ауданында 2 092 ауыл шаруашылығы техникасы бар. 209 жаңа техника сатып алыныпты.
«Ауыл аманаты» жобасына тоқталсақ, аталмыш жоба 2019 жылы Қордай ауданының Жамбыл ауылдық округінде пилоттық жоба ретінде басталып, кейіннен Кенен, Қаракемер, Қарасу, Сарыбұлақ, Қақпатас ауылдық округтерінде жүзеге асырылды. Жоба аясында аудан бойынша 6016 бас ірі қара мал, 10 879 бас қой, 405 бас жылқы сатып алындған.
Сондай-ақ, 4 өндірістік кооператив құрылып, 25 жаңа техника мен құрал-жабдықтар сатып алынды. 690 тұрғын өз кәсібін ашып, ауыл шаруашылығы саласында тұрақты табысқа қол жеткізді.
2024 жылы «Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша 1,2 млрд теңгеге 171 жаңа жоба дайындалды. Қаражат бөлінген жағдайда, бұл бастама 331 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Өнім көлемінің артуы, техника жаңарту көрсеткішінің өсуі, инвестиция тарту және «Ауыл аманаты» жобасының жетістіктері – осы саланың болашағының жарқын екенін көрсетеді. Аудан шаруалары жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттырып, ел экономикасының дамуына үлес қосуда.