«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін «Әлеуметтік жұмыс орындарын» құрады.
Осы мүмкіндікті пайдаланған Айткүл Ултанбаева аудандық жұмыспен қамту орталығына жыл басында келіп, жұмыссыздар қатарына тіркелген болатын.
Көп ұзамай «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жоба аясында аталған азаматша өз қалауымен «Әлеуметтік жұмыс орнын» ашқан «Қуаныш-Қордай» балабақшасына аспазшы ретінде жұмысқа жолданды.
Аталған азаматқа жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын мемлекет қалған 65% жұмыс беруші тарапынан төленіп жатыр. Яғни бұл бағдарлама жұмыс іздеп жүрген және жұмыс берушілер үшін де өте қолайлы.
Жобаның берген жемісі
Prev Post