«ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ АПТАЛЫҒЫ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

0

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында және ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне орай «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» және «Есіңде сақта және ойлан» атты қоғамдық

акциялар өткізілуде.

Акцияның басты мақсаты — жолдағы мінез-құлық мәдениетін арттыру, азаматтардың жауапкершілігін күшейту және адам өміріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Апта бойы өңір аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жарақаттану деңгейін төмендетуге бағытталған профилактикалық және түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының оқушыларымен кездесу өткізіп, жүргізушілермен рейдтер ұйымдастыруда, сондай-ақ бұрын ауыр жол апаттары болған жерлерде еске алу акцияларын өткізуде.

Білім беру ұйымдарында және еңбек ұжымдарында жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған дәрістер, байқаулар, флешмобтар мен тақырыптық сынып сағаттары ұйымдастырылды. Ерекше назар жол қозғалысына қатысушылардың ең осал тобы — балалар мен жасөспірімдерге аударылуда.

Жамбыл облысы Полиция департаменті барлық азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, сақтық пен өзара құрмет көрсету – жолдардағы қауіпсіздіктің басты кепілі екенін еске салады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.