Жол бойындағы ретсіз сауда

0

Аудан орталығындағы Төле би көшесінің бойындағы заңсыз сауда жүргізген саудагерлер жаяу жүргіншілерге арналған жолды басып алып және халық отыратын орындықтарды жылжытып, күнкөрістің қамына айналдырып, заңсыз сауда-саттықты жүгізуде.

Сейсенбі күні Қордай ауылдық округі әкімшілігі аппараты аталған мәселеге байланысты заңдылықты нығайту мақсатында кезекті рейдтік іс шара өткізді. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық полиция, аудан-дық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық өнеркәсіп және туризм бөлімінің жауапты мамандарынан құрылған комиссия мүшелері бұл жолы да заң талаптарына сай келмеген заңсыз сауда-саттық орындарын аралады. Шара барысында  белгіленбеген орында сатылып жатқан тағамдардың санитарлық нормаларға сай келмейтіні жайында тауар иелеріне түсініктеме жүргізілді. Олай деуге негізгі себеп, «жабайы сауда» жасап тұрғандар да санитарлық сертификат болмайтындықтан, адамның сол жердегі өнімнен уланғанын дәлелдеу де қиынның қиыны. Тексеріс барысында заттарын дүкеннің сыртына дейін шығарып, тіпті, «қызыл сызықтан» асырып жіберген мән-жайлар да кездесті. Мәселені  осылайша көтерген ауылдық әкімшілік аппараты жол бойындағы саудамен айналысушы бірнеше азаматпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, белгіленбеген орында сауда жасаушыларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 204-бабы бойынша жауапкершіліктерін түсіндіріп, әкімшілік хаттама толтырылды. Заңсыз сауда-саттық мұндағы жол ережелеріне де қайшы. Жаяу жүргіншілердің қозғалысына да едәуір кедергі келтіруде. Сала мамандары саудагерлерді заң талаптарын бұзбауды ескертіп, оларды өз кәсібін заңдастыруға шақырды. Барыңды салып еңбек ету, адал жолмен тапқаныңды бала-шағаның кәдесіне жарату – жақсылықтың белгісі екені рас. Десе де, өркениетті, құқықтық мемлекетке лайықталған заң бар. Онда жабайы саудаға тыйым салынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.