ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

0

Қордай ауданының прокуратурасы аудан аумағында орын алып жатқан жол көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігімен жасалған жүргізушілерге арналған жадынама тарату жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, Қордай ауданы бойынша 6 айда 68 жол көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 121 адам жарақат алса, 14 (оның ішінде 3 кәмелетке толмағандар) адам қайтыс болған.

Апаттың ең қауіпті факторларының бірі – қозғалыс жылдамдығын арттыру.

Сондықтан аудан тұрғындарынан және қонақтарынан жол жүру ережесін қатаң сақтау сұралады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.