Жол-көлік оқиғаларының алдын алу іс-шарасы өтті

0

Қарулы күштердегі 2023 оқу жылының «Қауіпсіз жол» акциясына байланысты жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс ведомствосы Әскери полиция бас басқармасы бастығының 2023 жылдың қаңтар айына арналған негізгі іс-шаралар жоспары талаптарын орындау мақсатында Гвардейск гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің жауапты тұлғалары және әуесқой автомобильшілермен іс-шара өткізілді.
Өткізілген алдын алу іс-шарасында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы бастығымен бекітілген жоспар негізінде, «Жол-көлік апатының алдын алу», «Қыс мезгілінде автокөлікті басқару ерекшеліктері» тақырыптары бойынша мысалдар келтіре отырып сұхбат жүргізілді.
Жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шарада Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әскери автомобиль полиция бөлімшесінің бастығы майор Қанат Закуляев өз сөзінде жеке құрамға жаяу және көлікпен жол жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқау жүргізді. Сонымен қатар, жеке автокөліктердің техникалық жағдайларын тексеру, қауіпсіздік шараларын сақтау, жеке құраммен ңұсқаулар жүргізу бойынша маңызды ақпарат жеткізді. Жиында жол-көлік оқиғаларының алдын алу іс-шараларын іске асыру жолдары талқыланып, 2023 жылға бірқатар талаптар қойылды.
Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.