Жол-көлік оқиғаларының алдын алу

0

Гвардейск гарнизонында әскери қызметшілер арасында әуесқой автомобильшілер мен әскери техника жүргізушілерімен кездесу өтті.

Айтулы шара «Қауіпсіз жол» акциясы аясында жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Онда жол-көлік апатының алдын алу және қыс мезгілінде автокөлікті басқару, жүргізушілердің көлік құралын алкаголидік, есірткілік және масаң күйде басқаруы туралы айтылды. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының пайда болу себептері мен жағдайлары талданып, жол-көлік оқиғалары туралы бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар 2022 жылға талдау жасалып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысының 263 тармағы гарнизоннан тыс шығу және Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларының қозғалу жылдамдығы туралы талаптары мен жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін негізгі айыппұлдар көлемі жеткізілді.
– Әскери техника мен жеке автокөлік жүргізушілеріне жол жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Оларға әскери техника мен жеке автокөліктердің техникалық жағдайларын тексеру бойынша маңызды талаптар қойылды. Біз бұл жұмыстардан жақсы нәтиже күтеміз, – деді Әскери полиция бөлімінің әскери автомобиль полиция бөлімшесінің бастығы майор Қанат Закуляев.
Шара соңында көлікпен жол жүру ережелерін бұзғаны үшін әскери қызметшілердің арасында бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар талқыланып, көлікпен жол жүру ережелерін сақтау бойынша бірқатар талаптар қойылды.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.