Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

0

Өз ауылын әдемі, таза етіп ұстау — кез келген ауылдық округ әкімі үшін оңай шаруа емес. Жыл сайын ауданның елді мекендерінде осы бағытта мақсатты жұмыстар жүргізіледі, сонымен қатар көктем-күз мезгілінде дәстүрлі түрде абаттандырылады.

Бетқайнар ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауыл ішіндегі ескірген жолдарды кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылы Қожантаев пен Жеңіс көшелеріне асфальт төселсе, биыл Қазақстан, Төле би және Қарасу көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Қарасу көшесін жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл көшеге 1,6 шақырым, Қазақстан көшесінде 3,2 шақырым, ал Төле би көшесіне — бір шақырымнан астам жолға асфальт төселді. Құрылыспен «Инвест MK» ЖШС айналысуда. Жобаның аяқталу мерзімі – осы жылдың тамыз айы.

***

2024 жылы аудандық бюджеттен Жамбыл ауылында стрит-воркаут орнатуға 4 млн 659,5 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жарияланып, нәтижесінде «Алмас» жеке кәсіпкері жеңімпаз атанып, аталған жұмысты толығымен аяқтады. Енді ауыл тұрғындары күнделікті спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік алды.

***

Көктемнің басталуымен Сортөбе ауылдық округінің аумағында абаттандыру бойынша екі айлық аясында айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Осы күндері Сортөбе ауылдық округінің әкімдігі Дауров көшесіне асфальт төсеуге кірісті. Жұмыс сапасы мамандар бақылауында. Жұмыстар қатаң түрде жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.