Жол жөнге келетін болады

0

Осыдан бірер жыл бұрын Қордайдан Масаншы ауылына баратын автомобиль жолы жөндеуден өткен болатын. Алайда, жаңа тас жол Қордай ауылына жетпей, айналма жол арқылы Алматы-Термез трассасына қарай кетіп, елді мекенге кіреберіс екі шақырымдай бөлігі жөндеусіз қалған еді.

 

Тас жолдың сол бір бөлігі күтімсіз қалып, әбден тозығы жеткенін көлік жүргізушілер жақсы біледі. Тақтайдай тегіс жолмен келіп кедір-бұдыры көп жерге жеткенде көлігін бүлдіріп алғандар да қаншама. Қуанышқа орай, жақында Қордай ауылына кіреберіс 2,1 шақырым жолдың жөнделуіне қомақты қаржы бөлініп, жұмыстар басталып та кетіпті. Бұл істі Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны (комхоз) өз мойнына алды. Бүгінгі күнде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Коммуналдық шаруашылық мекемесі өкілдерінің айтуынша аталмыш жұмыс бір жарым айдың ішінде толығымен аяқталатын болады.

«Ең бастысы сапаға аса көңіл бөлудеміз. Бөлінген қаржыны мақсатты жұмсап, ұзақ уақытқа төзімді жол жасауды қолға алдық. Мамандар мен техникамыз жеткілікті. Тұрғындар сәл шыдамдылық танытса көп ұзамай жолдың бұл бөлігін аяқтайтын боламыз», — дейді құрылысшылар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.