«Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 22 қаңтарда сағат 15:00-де Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі №65 үй, 1-қабат (көші қон қызметінің бұрынғы ғимараты) мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа келесі маршруттар пакеті (лоттар) шығарылады:
- №1 лот – «Маршрут №1»
- №2 лот – «Гвардейск – Қордай»
- №3 лот – «Қайнар – Қордай»
- №4 лот – «Қарасай – Қордай»
- №5 лот – «Көктөбе – Қордай»
- №6 лот – «Сортөбе – Қордай»
- №7 лот – «Шарбақты – Қордай»
- №8 лот – «Соғанды – Қордай»
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер конкурстық құжаттар топтамасын алу үшін «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтінімді Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі №65 үй, 1-қабат мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
Конкурстық құжаттарды алуға және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 9 қаңтар сағат 12:00-ге дейін.
2026 жылғы 15 қаңтарда сағат 16:00-де конкурстық комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.