Қордай ауданы аумағында ағымдағы жылдың тамыз айының 16 мен 17 күндері «Жолда қабылдау» акциясы өтеді. Акция барысында Сіздер Қордай аудандық полиция бөлімінің басшылығымен тікелей кездесіп, өздеріңізді толғандырған сұрақтарды қоя аласыздар. Сұрақтармен Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі 282 мекенжайында орналасқан аудандық полиция бөлімінің «фронт офисінде» және Қордай ауылы, Төле би көшесі 61 мекенжайда орналасқан Қордай АПБ әкімшілік полиция бөлімшесіне жолығуға болады.
Р.Абдужалиев, Қордай АПБ ӘПБ бастығы, полиция майоры