Жолдардағы иесіз мал-қозғалысқа кедергі

0

Жолдарда иесіз мал жиі кездеседі. Сол үшін көлік құралдарының жүргізушілері қарсы қозғалыс жолағына шығуға мәжбүр, бұл жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып табылады. Салдарынан жолға шыққан малдың кесірінен болған жол-көлік оқиғасы жүргізушілер мен жолаушылардың жарақат алуына, адамдардың өліміне әкеліп соғуда.

Одан бөлек қараусыз жүрген малдардың біреудің мүлкін бүлдіру, яғни егіс алқаптарына түсіп дәнді дақылдарды бүлдіріп, материалдық шығын келтіру деректері жиі орын алуда, әсіре-се көктем айларында 11 дерек егіс алқаптарына түсіп, олармен ҚР ӘҚБтК-нің 147 және 408 баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылды.

Ағымдағы жылдың 3 айында ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабымен – 54 (2024 ж. —  41) әкімшілік хаттама рәсімделген.

Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 188-1 бабымен (мал ұрлығы)  — 1 дерек мал ұрлығы қылмысы орын алды.

Автокөліктің малға соқтығысуын болдырмау үшін жолға үй жануарларын жаю жағдайларын болдырмау жөніндегі кездесулерде халықпен тұрақты негізде профилактикалық әңгімелер өткізілгендігімен, өкінішке орай, мал иелері үнемі қадағалаусыз ұстау, айдау және жайылымда өздерінің тікелей міндеттерін орындамауды және елемеуді жалғастыруда.

Құрметті аудан тұрғындары!

Өздеріңізге тиесілі малдарыңызды қараусыз қалдырмауларыңызды және қараңғылық түскеннен кейін малды жолдардың маңында жаймауды сұраймыз.

Көлік жүргізушілер! Өзіңіздің және жаныңыздағы жолаушылардың бас амандығы үшін жол ережелерін сақтап, жол бойынан төрт түлік мал мен жабайы аңдардың  күтпеген жерден шығуы мүмкін екенін ескеру сұралады.

Жылдамдықты шектен тыс асырмауды,  арнайы белгілер тұрған аумақтан жылдамдықты төмендетіп жүрулеріңізді сұраймыз.

Қордай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.