Жолдау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0

Гвардейск гарнизонында офицерлер құрамымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Ораз Кучуков офицерлер құрамымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді. Атап айтқанда «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция», «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту», «Заң және тәртіп» атты бағыттары жіті түсіндірілді.
Іс-шара барысында «Өмірді сақта» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп, елімізде жаңа шыққан заңдар мен енгізілген өзгерістер, Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасы, еліміздің жетістіктері, жаңа салынған оқу орындар мен балабақшалар, айлық жалақыны дұрыс жұмсау, несие алу және тұрғын үй мәселесі мен әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайлары туралы айтылды.
Сондай-ақ, 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының дауыс беру тәртібінің заңдылығы жеткізілді.
Іс-шараға гарнизон бастығы мен әскери бөлім командирлері және құқық қорғау органдарының өкілдері мен гарнизондағы әскери бөлімдердің офицерлер құрамы қатысты.
— Гарнизондардағы әскери қызметшілермен Мемлекет басшысының халыққа жолдауы мен «Өмірді сақта» акциясы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Әскери қызметшілердің арасында құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу бойынша жұмыстар атқарудамыз. Біз бұл жұмыстардан жақсы нәтиже күтеміз, — деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Ораз Кучуков.
Іс-шара соңында гарнизон бастығы полковник Ержан Мейрманов әскери бөлім командирлері мен бөлімше командирлеріне Мемлекет басшысының халыққа жолдауын бағынысты жеке құрамға қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар қойды.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.