Аудандағы білім беру саласы қызметкерлері арасында Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау жұмыстары жалғасуда. Осы бағыттағы шара Ломоносов атындағы №2 орта мектептің ұжымы арасында өтті.
Топ мүшесі Жыл сайынғы Жолдауда білім саласы ерекше атап өтіліп, жаңа серпін, нақты тапсырмалар беріліп келеді. Сондықтан да бұл күнді ұстаздардың асыға күтері сөзсіз. Қасым Жомарт Кемелұлы «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз», деп атап өтті Жолдауда. Біздің ауданымызда да мәселе өз шешімін тауып келеді, Президент тапсырмасынан кейін түбегейлі шешілері сөзсіз. Жаңа оқу жылына бағдар берген маңызды құжатты барша ұстаздар қауымы қолдауға шақырамын. Елім, жерім дейтін рухы биік ұл-қыздармыз көп болсын», деп атап өтті.