Журналистер қауымының кәсіби мерекесіне орай ұлы ойшылдар мен атақты қаламгерлер айтқан бірқатар нақыл сөздерді ұсынсақ

0

Шерхан Мұртаза: «Журналистер де атан түйе секілді. Арқалағаны алтын болғанымен, жегені жантақ».  Бүгінгі замандағы қаламгерлердің бет-бейнесін айқындайтын, айшықты сөз.

Көпен Әмірбек:   Журналист – қастерлі де қасиетті мамандық. Екінің бірі, егіздің сыңары журналист бола алмайды. Бұл – Аллаһ тағаланың  пендесіне  берген сыйы.

Әзілхан Нұршайықов: «Авторсыз газет – аққусыз көлмен тең».

Н.Михалковский: «Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады». 

Адриан Декурсель:  «Журналист – өз газетінде сараланатын жазушы».

Арнольд Мэтью «Журналис-тика – жол-жөнекей жазылатын әдебиет».

Leave A Reply

Your email address will not be published.