Қазақстанның ел болып қалыптасудағы ең басты крийтерийлерінің бірі – ұлтаралық татулықты сақтау екені баршаға белгілі. Ел ішіндегі түрлі этоностардың өзара тығыз қарым қатынасы, бейбітшілікке ұмтылысы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның ең басты байлығына айналып отыр. Бұл ретте мемлекет аумағында ұсы тұрақтылықты сақтауға мүдделі, ел ішіндегі этносаралық ынтымақтың негізгі барометріне айналып отырған Қазақстан Халқы Ассамблеясы жүйелі жұмыс атқарып келеді. Аталған қоғамдық институт құрылған күнінен бастап Қазақстандағы 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өз дәстүрлеріне, діни ұстанымдарына қарамастан әр азаматтың конституция бойынша азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қорғалатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісін қалыптастыра білді. Бұған бір ғана Жамбыл облысының аумағында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар дәлел бола алады. Жамбыл облысы бойынша этносаралық қатынасты нығайту, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау бағытталған 660 іс шара өткізіп, оған 42100 адам қамтылған. Оның ішінде этномәдени бірлестіктер тарапынан 55 іс-шараға 20750 адам қатысқан. Бұл шаралардың барлығы Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму Стратегиясына Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022- 2025 жылдарға арналған даму тұжырымдамасына, ҚХА-ның «Жалпы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру», «Қазақстандық этностардың алуан түрлілігін рухани-мәдени жағынан танымал ету», «Этносаралық ортадағы қақтығыс көріністерінен бас тартуға бағытталған әлеуметтік қатынастарды дамыту арқылы медиация институтын дамыту» жобаларын іске асыруға бағытталған. Кез келген зайырлы мемлекет ең алдымен өз азаматтарының тыныштығына жауапты. Бұл ретте түрлі этностардың бір-біріне жақын, шоғырланып өмір сүріп жатқан аймақтарына айрықша назар аударылады. Этностардың араласып тұратын елдімекендеріне түрлі конфликт жағдайлардың орын алатыны әлемдік практикадан белгілі. Ал Қазақстанда тұрақтылықты сақтауға мүдделі бірден бір мекеме Қазақстан Халқы Ассамблеясы болғандықтан биыл жыл басынан бері бірқатар нәтижелі жұмыстар жүргізген. Мәселен, барлық ауданның құқық қорғау,әкімшілік,білім беру орындары қызметкерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары үшін этномедиацияның және этносаралық қатынастар саласында «Кәсіби келіссөз жүргізушілердің курстары», «Этносаралық қатынастарды жақсартуға жауаптылардың жұмысын күшейту» тақырыптарында семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Бұл жыл басынан бері Ассамблея тарапынан ұйымдастырылған шаралардың бір парасы ғана.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ
Prev Post