ЖЫЛ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ЖОСПАР

0

24 желтоқсанда аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді. Сессия жұмысына аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім және мекемелер басшылары, аудандық қоғамдық кеңес және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Бірінші кезекте Нұрдин Есенгелдіұлының 2024 жылғы мәслихаттың атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Ары қарай аудандық мәслихаттың 2025 жылға ұзақ мерзімді жоспары бекітілді.

Одан кейін аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева 2025-2027 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы баяндамасын ұсынды. Жарыссөзге аудандық мәслихаттың депутаты Қатира Уәалиева шығып сөз сөйледі. Жан-жақты талқылаудан соң депутаттар оны бірауыздан бекітті.

Барлық қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.