ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

0

Өткен сәрсенбіде аудан әкімінің орынбасары Елдос Нұралиевтың төрағалығымен жылыту маусымына дайындық барысын пысықтауға арналған жиналыс өтті.

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші дайындық жұмыстары жазда басталып кеткен еді. Әлеуметтік және бюджеттік мекемелерге отын түсіріліп, қазандықтар жөндеуден өткізілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Амантаев өз баяндамасында айтып берді. Мәселен, жалпы жылыту маусынын ойдағыдай өткізу үшін 500,3 млн. теңге қаражат қажет екен. Ауданда 88 қазандық бар, оның ішінде: 53 көмірмен, 34 газбен және 1 нысан дизель отынымен жағылады. Бүгінгі таңда барлық 41 денсаулық сақтау мекемелерінің жылу беру жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстары аяқталған. Мәдениет саласының 68 нысанының барлығы сақадай сай. Жауапты тұлғалардың айтуынша қажетті көмір көлемі толық жеткізілген. Аудан тұрғындарын айтар болсақ, мекеменің есебінше ауданда жеке азаматтардың көмірге деген қажеттілігі 35 мың тоннаны құрап, оның қазіргі таңда 31 мың тоннасы немесе 88,6 пайызы жеткізіліп отыр.
Сонымен бірге, басқа да жауапты тұлғалар өз саласына қатысты дайындық бойынша есеп берді. Өз баяндамаларымен аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөліміне қарасты «Коммуналдық шаруашылығы» КМК директоры, аудандық білім беру, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау салаларының басшылары және жауапты тұлғалары шықты. Жиын барысында анықталған кейбір олқылықтар бойынша Е.Нұралиев тиісті тапсырмалар беріп, жұмысты уақытында аяқтау қажеттігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.