ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

0

Өткен жылыту кезеңінде, 2022 жылғы 15 қазаннан 2023 жылғы 15 сәуірге дейін  Жамбыл облысындағы тұрғын үй секторларында 233 өрт тікреліп, салдарынан 6 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды. Материалдық шығын 23 млн.613 мың теңгені құрады. Түтінге улану салдарынан 4 адам қаза болды. Мұндай қайғылы статистика Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінің базасында өткен баспасөз конференциясында тілге тиек етілді.

Облыстың ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мақсат Әкімбаев атап өткендей, қазіргі уақытта Облыстың тұрғын үй секторларында өртті азайтуға, халықтың қаза болуымен жарақаттану жағдайларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенді жүргізілуде. 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі облыстың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясында қаралды. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған нысандарда профилактикалық бақылау жүргізілгенін айтты. Білім беру нысандарын, мәдени, ойын-сауық, спорт нысандары ғимараттарынан кіріктірілген қазандықтарды шығару бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының ӨТБ бастығы Абыл Юсупов қатысушыларға қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша 371 елді-мекен бар екендігін, оның 269-ы газдандырылғандығын жеткізді. Жыл басынан бері 3 елді мекен газ желісіне қосылған. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 10 елді мекенді газ желісіне қосу жоспарлануда. Тұрмыстық газды қауіпсіз пайдалану ережелерін халыққа түсіндіру бөлігінде тұтынушылар арасында профилактикалық жұмыс жылдан жылға жандана түскендігіне қарамастан, жазатайым оқиғалардың саны күннен күнге артып келетіндігін айтуды да естен шығармады.  Ол апаттардың нақты бірнеше себептерін атады.

Спикерлер Заң тармақтары бұзылған жағдайда жауапкершілікке тарту туралы еске салып, қауіпсіздік ережелерін сақтау және балаларды қараусыз қалдырмау бойынша халыққа өз өтініштерін білдірді.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.