ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ГАЗБЕН УЛАНУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

0

Жылыту маусымында газды дұрыс пайдалану жөніндегі төменгі кеңестерге назар аударыңыз!

Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:
— жалғастырушы түтіктердің ақаулары;
— түтіктің редуктормен және газ құрал-жабдығымен нығыздап жалғанбауы;
— бұрандалы жалғастырушылардың нығыз еместігі;
— майлайтын жабдықтардың нығыздап қатайтуындағы шүмектердің жалғастырушы сабақтарының тығыз еместігі;
— оттыққа сұйықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы;
— оттықты дұрыс тұтандырмау болуы мүмкін.
Табиғи газбен жабдықталмаған елді мекендерде газ баллондарын өз беттеріңізше орнатып, газ құрал-жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз. Бұл әрекетіңіз қайғылы оқиғаға апарып соғуы мүмкін.
Газ ошағын тек жақсы желдетілген үй-жайда пайдалануға болады. Газ ошағының ішкі қуысының оттығын тұтатарда оның есігін бірнеше рет ашып – жабу арқылы желдету қажет. Газды жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын шүмекті ашыңыз. Түбі үлкен ыдысты қақпаққа қоярда кең қабырғалы тіреуді пайдалану қажет. Газ ошағын үйді жылыту мақсатында пайдалануға мүлде болмайды. Себебі, желдетілмеген үй-жайда көмір қышқыл газының жиналуы және иісті газдың бөлінуі адам ағзасының улануына әкеледі. Газ баллоны толтырылған әрі ақаусыз газ баллондарын тек арнайы мамандандырылған газ қызметтерінен ғана сатып алыңыздар! Бұрандалы қосылған жер мен баллонның редуктормен қосылған жерін сабын көбігімен тұрақты тексеріп тұрыңыздар. Жалғастырушы түтіктің дұрыс қосылғанын қадағалаңыз!
Баллон мен газ ошағының арасы 0,5 метрден жақын болмауы керек. Сондай-ақ, жылу радиаторына немесе пешке 1 метрден жақын орнатылмауы тиіс. Мөлшерден тыс газбен толтырылған баллон жылы жерде (жылы үйге кіргізіп жылытқанда) жарылуы мүмкін. Газ баллонының қақпағы көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады! Нығыздаушы шығыршықтың жай-күйін үнемі тексеріп отырыңыз. Дұрыс шығыршықта кесілген жарық, кедір-бұдыр сияқты ақаулар болмауы тиіс. Газ құрал-жабдықтарын орнату мен жөндеу кезінде тек тиісті құжаты бар мамандарға ғана рұқсат беріңіз. Газды пайдаланып болғанда газ құрал жабдықтарындағы және олардың алдындағы шүмектерді жабу керек. Ал ас үйдің ішіне баллондарды орнату кезінде баллондағы қақпақты немесе редуктор жалғаушысын жабу қажет. Дұрыс жанғанда жалын бір қалыпты, көгілдір – жасыл түсте болады. Түтіндіктің жыл сайын тексерілуін қадағалаңыз. Тарту күшінің болмауы газдың толық жанбай, иісті газдың бөлінуіне себеп болады.
Маңызды төрт қағиданы есте сақтаңыз!
Газ құрал-жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз.
Газ түтіктеріне кір жаятын жіпті байламаңыз.
Газ желісі түтіктерінің ақауларын жөндемеңіз! Аспаптан қатерлі ұшқын шығуы мүмкін. Газ құрал-жабдықтарын жұмыс істеп тұрғанда, әсіресе, оларға балалардың қолдары жететін жағдайда қараусыз қалдырмаңыз. Егер сіз газдың өткір иісін сезсеңіз, шүмекті дереу жабыңыз. Үйді желдетіңіз (терезе, есіктерді ашыңыз).
Газ шыққан жерді тек сабын көбігінің көпіршіктері арқылы ғана анықтауға болады. 104 телефоны арқылы газ апаттық қызметін шақырыңыз (телефонды газдың иісі жайылмаған бөлмеде немесе көрші пәтерлерде пайдаланған жөн).
Дүйсен ҚАСЫМ,
Қордай аудандық ТЖ бөлімінің инженері

Leave A Reply

Your email address will not be published.