ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ АДАМИ КӨЗҚАРАС

0

Кез келген адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы мүмкін. Бұл жасына, біліміне, жынысына, тіпті бастапқы параметрлерге де байланысты емес. Жәбір көрсетуші өзін бірден көрсете қоймайды. Бастапқыда ол өте тәртіпті және қамқор адам болып көрінуі мүмкін.

               

Жaлпы, зорлық-зомбылық – көнеден құрығын жимaй келе жaтқaн көлеңкелі құбылыс. Қaй кезде де қоғaмның мінсіз болмaғaны белгілі. Өкініштісі, көп жaғдaйдa зорлық-зомбылықтың құрбaны нәзік жaнды әйелдер мен бaлaлaр болып жaтaды. Өйткені әйел – әлсіз, бaлa – қорғaнсыз.

Зорлық-зомбылық отбaсының жеке мәселесі емес, бұл бүкіл қоғaмның aғзaсындaғы әлеуметтік зиянды құбылыс. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған адам өзін өзі қорғай алмайды — ол осал күйде, стресстік, психотравматикалық жағдайды бастан кешіреді Сондықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға барлық азаматтар атсалысуы керек деп ойлаймын.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамға қалай көмектесуге болады? Мұндай адам күрделі ішкі процесте болады, өзінің жеке басының құнсыздануы байқалады. Зорлық-зомбылық әсерінен адам жабылады: әдетте жәбір көрсетуші оны әлеуметтік ортадан ажыратады, ал үмітсіздік пен қорқыныш оның хабарламаларына тосқауыл қояды. Сондықтан мұндай адам көмекті бірден қабылдамауы мүмкін.

Басты аспект әрқашан қолдау, қолдаудан кейін мотивация келеді, мысалы, балаларды қорғау, ал мотивациядан кейін өз-өзіне келіп, зомбылықтан құтылудың іс-әрекеттеріне көшеді. Ал әрекет жасамас бұрын, жағдайды байсалды түрде бағалау керек. Атап айтқанда, отбасында шынымен зорлық-зомбылық бар-жоғын анықтау үшін, мүмкіндігінше, адаммен сөйлесіңіз. Әңгімелесу кезінде сіз биязы және әдепті болуыңыз керек. Жәбір көрушіге сөйлескісі келетін кез келген уақытта оны тыңдауға дайын екеніңізді ақырын хабарлау маңызды. Онымен сөйлесіңіз: «Мен сізге қалай көмектесе аламын?» деп өз ниетіңізді білдіріңіз. Сіз мынадай көмек ұсына аласыз: құзырлы органдарға хабарлаңыз, полицияға бірге барыңыз және арыз жазыңыз немесе адам үйден шыға алмаса, өзіңіз арыз жазуды ұсыныңыз, адвокат ұсыныңыз, арнайы дағдарыс орталықтарына хабарлау және т.б.

Адамды әдепсіз мәлімдемелерге жүгінуге мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Сіз оның жағдайын «Анаңмен сөйлеспегенге қанша уақыт болды?», «Сен қателескенде ата-анаң не істейді» және т.б. сұрақтар арқылы анықтауға болады. Егер адам тартынып, сөйлесуден бас тартса, оған қысым жасамаңыз. Көмек ұсынысын алғаннан кейін адам сене алатын басқа адам бар екенін түсіне бастайды. Сіз жәбір көрсетушімен дауласпауыңыз керек, бұл оның агрессиясын көмектесіп жатқан адамға немесе қазірдің өзінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамға көрсетуіне әкелуі мүмкін. Мұның салдары жаман болады. Күрес тез нәтиже бермейді, жәбір көрушіге дағдарыстың әр кезеңде қолдау қажет болады. Ол басқалардың «өзі кінәлі» деген абайсыз мәлімдемелерінен кейін сенімін жоғалтуы мүмкін. Отбасы болғаннан кейін адам жолдасының жаман екенін, оның нашар қарым-қатынас көрсеткенін түсініп, күйзеліске ұшырайды. Бұл жоғалту сезіміне әкеледі.

Ауданымызда осындай өмірлік қиын жағдайға түскен әйелдер мен балаларға әлеуметтік көмек көрсететін «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар. Бұл орталықта тегін психологиялық және заңгерлік көмек береді, қажет болған жағдайда зардап шеккендерді медициналық көмек алу үшін медициналық мекемелерге жібереді, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының толық қауіпсіздігін және аты-жөнін жасыруды қамтамасыз ете отырып, уақытша тұруды қамтамасыз етеді. Балалы әйелдер дағдарыс орталығында бір айдан алты айға дейін бола алады.

А.Бердалыева, Қ.Исмаилова, «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ психологтары

Leave A Reply

Your email address will not be published.