ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫ КІМДЕР?

0

Зорлық-зомбылық – жеке тұлғаға қол сұғып, азаматтың құқығын бұзып, бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық күш көрсетуі. Бұл әлеуметтік құбылыстың бірнеше көріністері бар.   Қазақстан заңнамасында тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың төрт түрі кездеседі: олар физикалық, психологиялық, жыныстық, экономикалық, зорлық-зомбылық.

Кейінгі жылдары отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны өскен. Ғалымдардың пікірінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептері қарым-қатынас дағдыларының қалыптаспауы, ерлі-зайыптылардың бір-бірін түсінбеуі, тұрмыстық қиыншылықтарға төзіп, оларды өздігінен шеше алмауы, өзіне деген сенімсіздік, қазіргі өмір жағдайына қанағаттанбауы, отбасында балаларға дұрыс тәрбие бермеуі. Соның салдарынан оқушылар мектепте, мектептен тыс жерлерде де, колледждерде де өзінен әлсіз балаларға зорлық-зомбылық көрсетеді. Ондайды болдырмау үшін ата-аналар балаларын қадағалап, бала өміріне қызығушылық танытып, араласып отыруы керек.

Көбінесе құрбандар да, агрессорлар да балалық шақта зорлық-зомбылық эпизодтарын бастан өткерген немесе көрген адамдар. Осы себепті балаларға дұрыс көзқарас қалыптастыру, олармен адам өмірінің құндылығы және басқа адамдарға құрмет көрсету, жанжалдарды экологиялық, тұрмыстық, экономикалық тұрғыдан шешу әдістерін үйрету бала болашағы үшін өте маңызды.

Тәрбие отбасынан басталады, сондықтан әр ата-ана үлкен өмірге қадам басқан жас ұрпаққа құқық бұзушылық, ұрып-соғу, күш көрсету, психологиялық соққылардан аулақ болу үшін, балаға алда күтіп тұрған мәселелерді тура жолмен, үлкендермен ақылдаса отырып шешуді үйрету керек.

Тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күрестің қазіргі ахуалы құрбанның құқығын қорғауын жақсартуды, агрессор көрсеткен зорлық-зомбылық қайталануын болдырмау, психологиялық көмек беру. Зорлық-зомбылықты кез-келген адам көруі мүмкін. Бұл жыныс пен жас ерекшеліктеріне, тіпті мамандығы мен статусына да қарамайды. Дегенмен әлемде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа әйелдер мен балалар әлдеқайда ең көп ұшырайды. Отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықты ең жақын отбасы мүшелерінен көреді, жәбірленуші психологиялық жан жарақатын алады, ол өмір бойына созылып, емделуі қиын дертке қалады, денсаулығы нашарлап, тәбеттері де құриды, сөйтіп агрессорлар қоғамға орасан зор зиян тигізеді.

Зорлық-зомбылық көрген адамдармен жұмыс жасайтын орталықтар елімізде баршылық, отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың барлық түрі бойынша құрбан болғандардың жынысы мен жасын ескере отырып, мекемеге орналастырып, оларға керекті көмек беріледі. Психологиялық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік, тұрмыстық жағдай, жатын орын, ыстық тамақ және заң жүзінде құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етіледі. Зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсетіп, олардың күнделікті өмірге бейімделіп кетуіне ықпал жасалады. Біздің ауданда зорлық-зомбылық көргендерге әлеуметтік көмек көрсететін орталық жұмыс істейді. Егер кімде — кім зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын білсеңіздер, 8778 052 16 20; 872636 4 54 00; нөміріне тәулік бойы хабарлассаңыздар болады.

Құрметті оқырман, зорлық- зомбылықты болдырмау, оның алдын алу әр азаматтың міндеті. Бала бақыты әр ата-ананың арманы, ізгі ниеті, сондықтан балаларымызға, әлсіз жандарға, қарттарға қамқор бола білейік.

Ж.АБДЫГОЖАЕВА, Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы КММ-сінің тәрбиешісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.