«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн»

0

20 қарашадан Қордай ауданының аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтуде. Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар болып отыр.

Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Себебі – қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі.

Акцияның мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту, зорлық-зомбылықтың жолын кесу, зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру, азаматтардың  полицияға деген сенімін нығайту.

Ы.Кәден, Қордай ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша аға инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.