ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

0

Елімізде БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау шеңберінде 8-20 қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны өтуде.

Науқан мақсаты – балаларға қатысты қатігездік білдіру және зорлық-зобмбылық көрсету мәселесі, оның балалар мен қоғам үшін зардаптары, және бұл салада халықаралық заңнама негіздері туралы қоғамның, оның ішінде ересектер мен балалардың білімін арттыру. Сарапшылар зорлық-зомбылықтың төрт негізгі түрін ажыратады, олар: физикалық, жыныстық, эмоционалдық және баланың негізгі мұқтаждықтарын елемеу.
Физикалық зорлық-зомбылық – балаларға қасақана зақым не дене жарақатын келтіру; жыныстық зорлық-зомбылық – бала ересек адаммен қандай да бір сексуалдық әрекеттерге қатысуы; эмоционалдық зорлық-зомбылық – балаға ұзақ мерзімді кезеңдік немесе тұрақты психологиялық әсер ету; бұл тұлғаның дамуын тежеп, мінезінің белгілі паталогиялық ерекшеліктерін қалыптастыруға әкеп соғуы мүмкін.
Зорлық-зомбылықтың салдары әрқалай білінуі мүмкін. Балалар өзін-өзі төмен бағалап, жабырқаулы күйге түседі, қарым-қатынаста қиындықтар туындап, мектептегі оқу үлгерімі төмендейді, есте сақтау қабілеті нашарлайды.Ал балаға ұзақ уақыт бойы эмоционалдық зорлық-зомбылық көрсетілген жағдайда ол депрессияға ұшырап, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттеріне баруы мүмкін.
Зорлық-зомбылыққа ұшыраған мектепалды жасындағы балалар жануарларға қатысты озбырлық, қатыгездік көрсетуі, өтірік айтуға бейім болуы мүмкін. Кейде олардың дамуында кешеуілдеу байқалады. Көнгіштік, енжарлық, жағымпаздану, тіпті ауырсынуға пассивті реакция кездеседі.
7-11 жас аралығындағы балаларда айтылғанның бәріне зейін қою қиындығы, мектептегі оқу үлгерімінің нашарлауы қосылады.
Зорлық-зомбылыққа ұшыраған жасөспірімдерде үйден қашып кету, есірткі мен алкоголь пайдалану, қоғамға қарсы мінез-құлық байқалады. Депрессияның даму, суицид әрекеттерінің қауіпі ұлғаяды.
Тәжірибе көрсеткендей, ата-аналардың бейәлеуметтік қылықтары, олардың алкогольдік ішімдіктерге салынуы, есірткі қолдануы, отбасылардың нашар жағдайы, материалдық жағдайдың төмен деңгейі, нәтижесінде ата-аналардың өз міндеттеріне немқұрайлы қарауы көбінесе балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету себептері болып табылады.
Егер сіз бала ата-аналары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағанын немесе кәмелетке толмаған балалары бар отбасында жиі алкогольдік ішімдік ішіп, үнемі бөгде адамдар жиналып, төбелес пен жанжал шығарып жатқаны жөнінде білсеңіз, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға хабарлаңыз. Тел.: 87263621234. сонымен бірге Facebook желісіндегі «Бала құқығы Қордай» парақшасына хабарлама жазсаңыз болады.
Балалардың проблемаларына селқос қарамайық!
Алина ПОЧУЕВА,
кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.