Құқық қорғау органдарының түпқазықы

0

Мемлекеттік билік органдары жүйесінде прокуратура саласының алар орны ерекше. Ел азаматтарының бостандығы мен құқығын қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қолдау жолында сала мамандарының атқарған еңбегі орасан. Осындай маңызды мәселелерді шешуде ел сенімін ақтап, туған жердің игілігі үшін қызмет етіп жүрген азаматтардың кәсіби мерекесіне орай Қордай аудандық прокуратурасы тарапынан атқарылған ауқымды шараларды назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Иә, ең бірінші кезекте заң үстемдігі мен құқықтық тәртіптің мүлтіксіз орындалуын қадағалауды басты мақсаты деп білетін ауданымыздың прокуратура саласында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған шаралар аз емес. Мәселен, статистикалық мәліметтерге сай үстіміздегі жылдың 10 айында аудан көлемінде жалпы қылмыстылық деңгейінің 11,1%-ға төмендегенін аңғаруға болады.

Нақтырақ айтсақ, ауырлығы орташа қылмыстар 48,3% (381-ден 197-ге), ауыр емес қылмыстар 15,4% (169-дан 143-ке), ұрлық 24,3% (214-тен 162-ге), оның ішінде ұялы телефондар ұрлығы 8,6% (35-тен 32-ге), алаяқтық 15,8% (38-ден 32-ке), бопсалау 100% (1-ден 0-ге) және кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыс 72,7% (11-ден 3-ке) төмендеген.

Сондай-ақ, аудан прокуратурасы 25 тамыз күні аудандық қылмыстық қудалау және арнайы органдардың, аудан әкімдігі басшыларының қатысуымен аудан аумағында меншікке, қоғамдық қауіпсіздікке, жол-көлік оқиғалары және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың орын алу себептері, бұл санаттағы атқарылған профилактикалық жұмыстардың тиімділігі және жүргізілген алдын алу шараларының жағдайы бойынша мекемеаралық мәжіліс өткізді. Жиын барысында бірқатар қажетті іс-шаралар хаттамамен бекітіліп, тиісті органдарға жолдана отырып орындалуы қатаң бақылауға алынды. Нәтижесінде Қордай АПБ тарапынан 42 қызметкер және 25 қызметтік автокөлік жұмылдырылып, қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу мақсатында арнайы топтар құрылды.

Мұнымен қатар, аудан прокуратурасы ПБ-нің мәліметіне сай соңғы үш айда орын алған қылмыстық құқық бұзушылықтарға талдау жүргізген. Осылайша, мамандар құқық бұзушылықтың жиі орын алатын уақыттарын анықтап, нәтижесінде олардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күнделікті қосымша екі «Боран» экипажы жасақталып, бүгінгі таңда аудан аумағында төрт экипаж қызмет атқарады.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 199 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы, 1 бөлігімен — 28, 440 бабымен — 1, 434 бабымен — 7, 492 бабымен — 9, 442 бабымен — 3, 505 бабымен — 22, 593 бабымен — 33, 591 бабымен — 2, 590 бабымен — 4, 200 бабымен — 7, 608 бабымен — 2, өзге баптармен — 81. АПБ-не 32 тұлға жеткізіліп, олардан саусақ іздері алынып, дакто есепке алынды. Ал, алкогольдік тәуелділік дертіне шалдыққан 4 тұлға мәжбүрлі емделуге жолданды. Сондай-ақ, мекемеаралық мәжілістің хаттамасы негізінде құрылған мобильдік топ қызметкерлері заңсыз алкогольдік ішімдік заттарын сатудың 7 дерегін анықтап, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандар мәселесіне келер болсақ, 2 маусым күні аудан әкімдігінде аудан прокуратурасының бастамасымен аудан әкімі және АПБ бастығының қатысуымен кәмелет жасқа толмағандар және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мекемеаралық мәжіліс өтті.

Жиын барысында нақты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған нақты ұсыныстар беріліп, оның орындалуы қатаң бақылауға алынды.

АПБ тарапынан арнайы жасақталған «Ювеналдық топқа» арнайы көлік бөлініп, рейдтік 112 шаралар жүргізілді. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК 442-1 бабы бойынша (жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болғаны үшін) 10 хаттама толтырылды, ҚР ӘҚБтК 442-2 бабы бойынша (жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз үйден тыс жерде болғаны үшін) 332 хаттама толтырылды.

Аудан прокуратурасы тарапынан меншікке қарсы, оның ішінде алаяқтық қылмыстардың алдын алу мақсатында да ауқымды жұмыстар қолға алынған.

Мәселен, аудандық газетте және ғаламтор желісінде «Абай болыңыз, алаяқтар!», «Қалта ұрлығынан сақтаныңыз!» сынды хабарландырулар жарық көрді. Бейнероликтер, жадынамалар, буклеттер әзірленіп, адамдар көп жиналатын жерлерге орналастырылды.

Халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында аудан прокуратурасы 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қысқаша тезис пен заңнамадан үзінділер алынып, жергілікті атқарушы органдарға жолданып, түсіндіру және насихаттау жұмыстары жүргізілді. Аталмыш бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда.

Есірткі бизнесінің заңсыз айналымына қарсы атқарылған шаралар да ауыз толтырып айтарлықтай. Мамандар есірткі бизнесіне қарсы күрес бағыты бойынша құқық қорғау органдары атқарған жұмыстар және осы бағытта тіркелген қылмыстық істерге талдау жүргізді. Талдау көрсеткендей статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан аумағында ағымдағы жылдың 6 айында есірткімен байланысты 37 қылмыстық іс тіркеліп, оның 25-і сотқа жолданған. Бұл мақсатта аудан аумағында екі жылжымалы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бекеті қойылып, оның бірі Шу-Алматы бағытында (Қайнар) болса, екіншісі Қордай-Алматы бағытындағы бұрынғы «Отар» бекетіне орналастырылды. Нәтижесінде ағымдағы жылдың маусым-қараша айлары аралығында жылжымалы топ және аудандық ПБ-нің қызметкерлері есірткімен байланыс-ты 51 қылмыс деректегін анықтады. Оның 18 дерегі «Батыс Европа-Батыс Қытай» жолында (жылжымалы топ) және 33-і Қордай ауданында орналасқан ауылдық округтерде (АПБ-нің қызметкерлері). Тіркелген 51 істің 34-і сотқа жолданып, (21і сотта қаралып үкім шықты, 13-і қаралу үстінде), ал 17 іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, нәтиже көрсеткендей прокуратура саласы тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесі айқын. Бұл қатарға ауданында атқарылып жатқан ұйымдастырушылық, атқарушылық, үйлестірушілік жұмыстардың оң нәтижесін қосуға болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.