ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ИТАЛИЯҒА РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ

0

Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто,

Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды.

Ақорданың ресми арнасының жазуынша, Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары барысында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізді.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізді.

Ал 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездесу жоспарланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.