«ҚАУІПСІЗ ҚОРДАЙ» жобасы туралы

0

2 ақпан күні Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов мәслихат сессиясын өткізді. Онда депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Депутаттар бұл жолы 2024 жылға «Қауіпсіз Қордай» жобасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» мәселені қарады. Жан-жақты талқылаудан кейін күн тәртібіндегі мәселеге қатысты тиісті шешім қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.