ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

0

Ауа райының тұрақтануына байланысты Қордай ауданында 2024–2025 жылғы жылыту маусымы ресми түрде аяқталды. Тиісті коммуналдық қызметтер барлық нысандарда жылу беру жүйесін жоспарлы түрде тоқтатып, жабдықтарды келесі маусымға дайындау жұмыстарына кірісті.

Аудан әкімдігі тұрғындарды алдағы күндері ауа райының өзгеруіне байланысты сақ болуға шақырады және жылу жүйелерін қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті ережелерді сақтауды ескертеді.

Осыған байланысты аудан әкімінің өкімі шықты:

Аудандағы отын-энергетика кешені нысандарында 2024-2025 жылдардағы қысқы жылыту маусымын тоқтату туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына сәйкес:

  1. Аудан бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда 2025 жылдың 08 сәуір күні сағат 12:00-ден бастап жылу беру тоқтатылсын;
  2. Қордай ауданы таулы аумағында орналасқан Көктөбе, Сұлутөр, Үлкен Сұлутөр, Еңбек, Қарасай, Отар, Кенен, Алға, Қаракемер ауылдарында орналасқан мектептер, балабақшалар және денсаулық сақтау нысандарына жылу беру 2025 жылдың 15 сәуір күніне дейін жалғастырылсын;
  3. Жылу беру маусымының аяқталуына байланысты барлық қажетті шаралар қабылдансын, гидравликалық және температуралық сынақтар өткізіп, нәтижесі бойынша актісі жасалсын;
  4. Аудан бойынша барлық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың ішкі жүйелерін, жылыту қазандықтарын сақтау, оларды ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық іс-шараларын жоспарын ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейін бекітуге ұсынылсын;
  5. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.