ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2022 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР–ЖЕЛТОҚСАН АЙЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

Ауыл шаруашылығы. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзімде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 21482,7 тонна ет, 66243,9 тонна сүт, 20300,6 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 111 тонна ет, 482,3 тонна сүт, 20,3 мың дана жұмыртқа артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі-қара мал саны 88981 басқа, қой 472181 басқа, ешкі 13958 басқа, жылқы 19518 басқа, үй құстары 131601 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда ірі-қара мал 1079 басқа, қой 21283 басқа көбейді, ешкі 150 басқа азайып, жылқы 828 басқа, үй құстары 4556 басқа көбейді.
Өнеркәсіп өндірісі. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 26938694 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2021 жылғы сәйкес кезеңге 93%-ды құрады.
Инвестиция. Құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі – 62031263 мың теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі – 38872669 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда. Есепті мерзімде ауданда бөлшек сауданың көлемі 33135793 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 10772888 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 22362905 мың теңгеге сатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.