Қордай ауданының 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

0

Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады.

Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 5845,6 тонна ет (сойыс салмақта), 51261,5 тонна сүт, 15954 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 147,9 тоннаға ет кем өндірілді, 505,3 тоннаға сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 82158 басқа, қой 512223 басқа, ешкі 11358 басқа, жылқы 18712 басқа, шошқа 1646 басқа, үй құстары 130469 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда ірі қара мал 4769 басқа, қой 54564 басқа, жылқы 724 басқа, шошқа 467 басқа көбейіп, ешкі 2297 басқа, үй құстары 9474 басқа кеміді.

Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 14538574 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 100,6%-ды құрады.

Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 34765191 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12861832  мың теңгені құрады.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 26498224 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 7275439 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 19222785 мың теңгеге сатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.