Қордай ауданының 2024 жылғы қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

0

Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 6164  тонна ет (сойыс салмақта), 41626,5 тонна сүт, 18565,5 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 470,5 тонна ет кем, 326,8 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 83113 басқа, қой 456978 басқа, ешкі 5697 басқа, жылқы 16758 басқа, шошқа 924 басқа, үй құстары 101147 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 11072 басқа, ешкі 5406 басқа, жылқы 1228 басқа, үй құстары 13842  басқа азайды, қой 41675 басқа, шошқа 511 басқа көбейді.

Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-қараша айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 19949639 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2023 жылғы сәйкес кезеңге 101,3 % құрады.

Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 54348474 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 25687953 мың теңгені құрады.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 35979739 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары  9199262  мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары  26780477 мың теңгеге сатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.