ҚОРДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ҚОРДАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІН ҚАЙТА АТАУ ТУРАЛЫ

0

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілік-ті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Қордай ауылы халқының пікірін ескере отырыпШЕШТІМ:

1. Қордай ауылдық округінің Қордай ауылының төмендегі көшелері қайта аталсын:
Василий Шукшин көшесін Шәкен Айманов көшесіне;
Владимир Комаров көшесін Бейбарыс сұлтан көшесіне;
Владимир Кравчук көшесін Мұхаммед Хайдар Дулати көшесіне;
Владимир Маяковский көшесін Майқы би көшесіне;
Заводская көшесін Қажымұқан көшесіне;
Иван Мичурин көшесін Шерхан Мұртаза көшесіне;
Леонид Титов көшесін Қайрат Рысқұлбеков көшесіне;
Леонид Титов тұйық көшесін Қайрат Рысқұлбеков тұйық көшесіне;
Николай Гоголь көшесін Шәмші Қалдаяқов көшесіне;
Ольга Волкова көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
Сергей Лазо көшесін Құрманғазы көшесіне;
Болашақ 2 көшесін Халифа Алтай көшесіне;
Болашақ 3 көшесін Шәкәрім көшесіне;
Болашақ 4 көшесін Мәшһүр Жүсіп көшесіне;
Болашақ 5 көшесін Қожа Ахмет Йассауи көшесіне;
Кебекбай шешен 2 көшесін Наурызбай батыр көшесіне;
Кебекбай шешен 3 көшесін Сәмен батыр көшесіне;
Кебекбай шешен 4 көшесін Бөгенбай батыр көшесіне;
Кебекбай шешен 5 көшесін Қабанбай батыр көшесіне;
Бауыржан Момышұлы 2 көшесін Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;
Бауыржан Момышұлы 3 көшесін Сағадат Нұрмағанбетов көшесіне;
Бауыржан Момышұлы 4 көшесін Хиуаз Доспанова көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қордай ауылдық округінің әкімі Б.САХАТОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.