Әдістемелік сабақ

0

Гвардейск гарнизонында әскери бөлімдер мен мекемелердің бақылау-техникалық пункті бастықтарының әдістемелік сабақтары өтті.
Әскери автокөлік полициясы бөлімшесінің бастығы майор Еркін Игісіновтің басшылығымен өткен іс-шара гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелердегі ішкі парк қызметін ұйымдастыру кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналды.
Әскери бөлімдердің көлік құралдарын пайдалануға жауап беретін лауазымды тұлғаларына, парк бойынша кезекші болып түсетін әскери қызметшілерге, сондай-ақ бақылау-техникалық пункті бастықтарына көлік құралдарын пайдалану, көліктерді рейске шығарудың тәртібі және парк бойынша кезекшінің іс-қимылы бойынша тәжірибелік көмектер көрсетіліп, сабақтар өткізілді. Бақылау-техникалық пункті бастықтарынан жол қозғалысы ережелері мен қолданыстағы құжаттардың талаптары бойынша сынақтар қабылданып, оларға техникалық бақылау пункті бастығының куәлігі берілді.
– Әдістемелік сабаққа қатысушылар білім деңгейін арттырып, тиісті мәліметтер алды. Олар қызмет барысында кемшіліктерге жол бермеуге және міндеттерін сапалы атқаруға тиіс, — деді Гвардейск гарнизоны бастығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары полковник Есет Төлеушов.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.