ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДЕ ОҢДЫ ДИНАМИКА

0

Өткен бейсенбі күні  аудан әкімі Бегзат Болатбековтың қатысуымен  аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына  Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдерімен қатар, кейбір мекеме басшылары, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты.

Алдымен аудан әкімі Бегзат Болатбековтың өзіне жүктелген  міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Жарыссөзге шыққан депутат Ғабидин Тулақбаев аудан әкімінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешудегі елеулі еңбегін атап өтті. Депутаттар аудан әкімінің қызметіне бірауыздан оң бағасын берді.

Отырыс барысында қаралған келесі мәселе  — аудан мектептеріндегі жылу жүйелерінің жағдайы және жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы болды. Бұл ретте  депутат Әлібек Омар сөз сөйледі.

Бұдан кейін аудандық мәслихаттың депутаты Мадияр Қарабаевтың аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалуына байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Сырлыбаевтың хабарламасы тыңдалды.

Сондай-ақ, сессия барысында мәслихат аппаратының заңгері Ақжол Бекбатыров «Қордай ауданындағы 2022-2024 жылдарға арналған жайылым жерлерді басқару және оларды ауылдық округтер жағдайында пайдалану жоспары» бойынша «Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы  27-7 қаулысының күші жойылғаны туралы хабардар етті.

Сессияда депутаттар аудан әкімдігінің дербес құрамымен бекітіп, кейбір ведомствоаралық сипаттағы аудандық комиссиялардың құрамын бекітіп, аудандық жер комиссиясының бұрын бекітілген кеңесіне өзгерістер енгізді.

Талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.