Жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеттерінің бірі – халықпен ашық әрі үздіксіз диалог жүргізу, өзекті мәселелер мен азаматтардың күнделікті сұраныстарына жедел әрекет ету болып табылады. Шешім қабылдау процесіне қатысатын қоғам мемлекетті күшті және тұрақты етеді. Сондықтан аудан әкімінің азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдауы билік пен бұқара арасындағы кері байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын жүзеге асыру және биліктің ашықтығын қамтамасыз ету аясында аудан әкімі Бегзат Болатбеков азаматтарды қабылдау өткізді. Онда халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелер басты назарда болды. Мұндай кездесулер ақпаратты уақтылы нақтылауды жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар қысқа мерзімде проблемалардың нақты шешімдерін табуға көмектеседі.
10 сәуір күнгі аудан басшысының жеке қабылдауына 14 адам келді. Жиынға әкімдіктің жауапты бөлімдерінің басшылары да қатысты. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жер алу мен кәсіпкерлікті қолдауға қатысты мәселелерді көтерді.
Қабылдау қорытындысы бойынша барлық өтініштер бақылауға алынды. Бірқатар мәселелер жедел түрде сол жерде шешілсе, қосымша қарауды қажет ететін басқалары егжей-тегжейлі зерделеу үшін тиісті мамандарға тапсырылды.
Шолпан САБАНОВА