Әлеуметтік жұмыс орнын құру

0

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін Әлеуметтік жұмыс орындарын құрады.

Осы орайда, ауыл тұрғыны Рамиз Абышев аудандық жұмыспен қамту орталығына жыл басында жолығып, жұмыссыздар қатарына тіркелген болатын.
Көп ұзамай 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында аталған азаматты өз қалауымен Әлеуметтік жұмыс орнын ашқан «ЖИЛКИБЕКОВ» ЖК-не жұмысқа жолданды. Аталған азаматқа жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын мемлекет қалған 65% жұмыс беруші тарапынан төленіп жатыр. Яғни бұл бағдарлама жұмыс іздеп жүрген және жұмыс берушілер үшін де өте қолайлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.