ӘР МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАППАҚ

0

Басшылық назарынан тұрғындардың жайы ешқашан да тыс қалған емес. Осы аптада аудан әкімі Бегзат Болатбековтың аудандық әкімдікте азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы соның айғағы. Жалпы, аудан халқының көкейіндегісін тыңдап, күрмеуі күрделі мәселелерін шешу мақсатында өтетін мұндай қабылдаулар түрлі тақырыптарды қаузайтынымен ерекшеленеді. Бұл жолы да аудан әкімінің кез келген мәселені байыппен талдап, нәтижесіз, аяқсыз қалдырмайтынының куәсі болып қайтқан едік.

Аудан әкімінің кезекті қабылдауына 18 адам тіркелген екен. Жеке мәселесінің қамымен келгендердің әрқайсысының айтқанын Бегзат Сейсенқұлұлы мұқият тыңдап, тиісті жауаптарын берді. Мәселен, үйіне газ кіргізуге көмек сұраған ананың, заңсыз құрылысқа шағымданған тұрғынның, сонымен қатар даулы жер телімі мәселесін көтерген азаматтың сұраулары жерде қалмай, тиісті мекеме басшыларының назарына ұсынылды. Қабылдауға жазылғандардың көбі тұрғын үй мәселесімен келген, оларға заң аясындағы кезек жайы толықтай түсіндірілді. Сондай-ақ, жұмыспен қамту, көше жарықтандыру мен жөндеу сынды сұрақтардың барлығына тиісті жауап берілді. Осылайша әр сұрағына қанағаттанарлық жауап алған тұрғындар ризашылығын білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тілеумен қайтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.