ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРІП ЖАТЫР

0

Бүгінгі өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ұлттық сана – сезім қажет. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талаптанумен сіңеді. Осы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын – ұстаз, ата-ана, тәрбиеші, қоршаған орта екені даусыз. Патриоттық сезімнің қайнар көзі Отан десек, оның мазмұны туған жер, өз діні, ұлттық тіл, ұлттық дәстүр, олардың адам көкірегіне жылулық, жақындық туысқандық сезімдерін ұялатып, ізгі ерлік істер қайнар көзіне айналу патриотизмге тәрбиелеудің арқауы десек болады.

Әр бала өз еліне деген патриоттық рух қалыптастыру үшін оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілігін сездіретін әрекет жүйесін жасауымыз керек. Патриотизм өз-өзінен қалыптаспайды, бала кезінен «Қазақстан менің отаным, мен Отанымның алдында борыштармын» деген ойларды сіңіру қажет. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік нышандарын саяси және рухани жағынан пайымдаудан басталады. Бұл – ұлт нышандары ар-намысын, борыш парызын құрметтеуге үйретеді. Мемлекеттік нышандардың көмегімен азаматтардың еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезімі табандылықпен тәрбиелене түседі. Жасөспірім ұрпаққа мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіре отырып, ой-өрісін кеңейту және сана сезімдерін, Отанды сүю, халқымыздың игі дәстүрлерін құрметтеу рухына тәрбиелеуіміз керек.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарына әскери міндетін өтеу біздің ер-азаматтарымыздың міндеті және абыройы болып табылатынын ұмытпауымыз қажет, осыған орай Қордай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі Елімізді сүйемін Отанымды қорғаймын деген мерзімді әскери қызметін өткерген азаматтар арасында келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу жұмыстары жүріп жатқандығын хабарлаймыз.

— Әскери бөлім тарапынан жеке тұрғын үй алуға көмек көрсетіледі.

— Келісімшарт бойынша әскери қызметте 8 жыл еңбек өтілі бар және  жоғарғы оқу орнында оқитын азаматтарға  50 пайыз оқу орнының төлем ақысын әскери бөлім төлеп береді.

— Тегін медициналық көмек көрсету.

— Жыл сайынғы кезекті демалысқа шыққанда екі айлық мөлшерінде сауықтандыру жәрдем ақы алады.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке ниет білдірген азаматтарға қойылатын талаптар:

— 30 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

— Денсаулық жағдайының жақсы болуы;

— Қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған;

— Мерзімді әскери қызметті міндетті түрде өткерген болуы керек;

— Алғашқы келісімшарт бойынша әскери қызметтен теріс себептермен шығарылмаған және келісімшарт талаптарын бұзбаған болуы керек;

Ниет білдірген азаматтарды Қордай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөлімшесіне келіңіздер!

Мекенжайымыз: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Сауранбаев к., 183А

Байланыс телефон: 4-85-88/4-8630

Г.Даминов, Қордай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, полковник

Leave A Reply

Your email address will not be published.