ӘСКЕРИ ОҚУ ОРНЫНА ТҮСУ ҮШІН

0

Қордай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығымен 2024 жылға ҚР ҚМ жоғары әскери оқу және шетелдік әскери оқу орындарына  кандидаттарды іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Құрлық әскерлерінің әскери институты, Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты, Радиоэлектроникалық және байланыс әскери – инженерлік институты сонымен қатар шетелдік жоғарғы оқу орындарына арнайы әскери білім алып, әскер қатарында жұмыс өткеру мүмкіндіктеріне ие бола аласыздар. Аталған жоғарғы оқу орындарында 24-тен астам мамандарды дайындайды. Оқуға қабылдау ережелері:

  1. 25 шілдеге дейін жергілікті әскери басқару органдарына оқуға түсуге ниет білдіріп өтініш жазуы керек;
  2. ҰБТ тестілеуден өтіп, қажетті бал (шекті балл 50) мөлшерін жинауы қажет, тестілеудің балы жоғары болуы тіпті жақсы;
  3. ҰБТ балы жеткілікті деп шешілген түлек дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырады;
  4. медициналық тексерістен және психологиялық тестілеуден өтеді;

Әскери салаға барамын деуші түлек үшін, білім және дене даярлығының жоғарғы көрсеткіші маңызды. Егерде спортта дәрежелі болып, халықаралық жарыстардың жеңімпазы болса тіпті жақсы. Бір орынға бірдей ұпаймен талас туындаған жағдайда, спорттық жетістіктері ескеріледі.

Құрметті түлектер, жоғарыда аталған оқу орындарында білім алу мемлекет тарапынан тегін, 4 жыл тегін жатын орын, киім-кешек, тамақ және де шәкіртақымен қамтамасыз етілесіздер.

Ниет білдірген азаматтарды Қордай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру бөлімшесіне келіңіздер!

Мекенжайымыз: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Сауранбаев к., 183А

Байланыс телефон: 4-85-88/4-8630

Leave A Reply

Your email address will not be published.