БАҒДАРЛАМА ШАРТТАРЫ:
Қарыздың ең жоғары сомасы 15 млн.теңгеге дейін
Пайыздық мөлшерлеме – 6%
Бастапқы жарна – 10% (1,5 млн.тг.)
Несие беру уақыты -19 жылға дейін
Сатып алынатын тұрғын үй – Жамбыл облысы мен Тараз қаласы бастапқы/қайталама нарықтардағы тұрғын үй, пайдалануға берілген/салынып жатқан – үлестік қатысу, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде
-көп пәтерлі тұрғын үйдегі үлес;
-көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер;
-жер учаскесі бар пәтер;
-жер учаскесі бар жеке тұрғын үй;
Сатып алынатын тұрғын үйдің құны – қарыздың ең жоғары сомасынан және Бағдарламаға қатысушының меншікті қаражатынан тұратын сатып алынатын тұрғын үйдің құны. Сатып алынатын тұрғын үйдің құны қарыздың ең жоғары сомасынан асып кеткен жағдайда, Бағдарламаға қатысушы сатып алынатын тұрғын үйдің құнын толық төлеу үшін ағымдағы шотқа өз қаражатынан айырма енгізуге міндеттеледі.
Бағдарламаға Жамбыл облысында тұратын, жасы 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) барлық азаматтар қатыса алады.