ӨТЕ ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ

0

Президентіміздің өз Жолдауында балалар жайына да аса мән бергені қуантады.
«Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланғаны үшін нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік өмірге нағыз жолдама береді», деді Қ.Тоқаев.
Президент аталған қордың ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететінін атап өтті.
«Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын», деді Мемлекет басшысы.
Бұл елімізде бала тәрбиелеп отырған әр отбасы үшін өте қуанышты жаңалық деп санаймын.

Баян ҚАРАМОЛДАЕВА, аудандық қоғамдық кеңес төрайымы

ТАМАША БАСТАМАЛАР МЕН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ТОЛЫ БОЛДЫ

Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы жағымды жаңалықтар мен ел көңілінен шығатын тамаша бастамаларға толы болды. Соның бір айғағы әсіресе бала күтімімен отырған жас аналарға жасалған қамқорлық десе болады.
«Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз.
Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады», деді Президент.
Президенттің айтуынша, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысып отырғандар үшін жұмысынан айырылу бойынша төлемдер орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін өседі.
Сондай-ақ, балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет екенін ескертті Мемлекет басшысы. «Келесі маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде үлкен рөл атқарады. Қазақта «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда бізде 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды», деді Президент.
«Оған қоса тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады», деді Мемлекет басшысы.
Президент сондықтан балабақшаны емес тәрбиешіні аттестациялау қажет екенін ескертті.

Фатима БАЙБЕКОВА,
білім саласының ардагері

ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІК

Білім күнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі халыққа жолдауын тыңдадық. Президентіміз мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнататынын айтты.
«Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз, деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы амбудсмен тағайындалады. Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. Бірақ халықты нарық тұрақсыздығының ықпалынан барынша қолдайды. Шағын және орта бизнесті мейілінше дамытады», деді.
Осының барлығы ел ертеңіне деген сенімділікті нығайта түседі.
Осылармен бірге: «Отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын олардағы білімнің құны да өседі. Сондықтан мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, ол ҰБТ нәтижелеріне және басқа да көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30-дан 100 пайызға дейін сараланады», деді Президент Жолдауында. Бұл мамандық таңдауда да үлкен көмек болғалы отыр. Көмек демекші, Мемлекет басшысы жоғарғы оқу орнында білім алуға төмендетілген пайзыбен несие беріледі дегенді де айтты.
«Сондай-ақ оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдетілген несие берілмек. Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді, сонымен қатар қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын күшейтеді»,- деді Президент. Бұл білім аламын деген жастарға, әсіресе үлкен отбасыларға жақсы көмек болатыны сөзсіз.

Сәрсебек САЛЫБАЕВ, меценат

«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» ИДЕЯСЫ

Президент Жолдауында Әділетті Қазақстан идеясын түсіндіріп берді. Оның ішінде білім беру саласына ада тоқталып өткені көңілден шықты.
«Әділ Қазақстанды құруда мектеп мұғалімдері шешуші рөл атқаратынына сенімдімін. Соңғы жылдары бұл мамандықтың тартымдылығын арттыру үшін мемлекет көп жұмыс жасады. Алайда, бұл бағытта әлі де оң өзгерістер қажет», деп атап өтті Президент биылғы Жолдау барысында.
Мемлекет басшысының айтуынша, алда педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің жаңа стандартын қабылдау және педагог құзыреттілігінің шеңберін әзірлеу міндеті тұр.
«Жаһандық ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл және ағылшын тілі пәндерін оқытуды күшейту маңызды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президентіміз Жолдауында ел болашағы – Жастар мәселесіне аса назар аударғаны қуантады.
«Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз, деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнататынын айтты.
«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі», деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал ететінін жеткізді.

Жеңісхан НӘЗІКЕЕВ,
Қордай ауданының Құрметті азаматы

МЕДИЦИНА МЫҚТАП ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

Президент бұл Жолдауында медицина саласына да кеңінен тоқталды. Оның ішінде міндетті сақтандыру жайы да бар. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт жетті деген Қасым-Жомарт Кемелұлы ол бойынша да бірқатар маңызды мәселелерге тоқталып өтті.
«Тіпті сақтандыру моделі тұрақсыз әрі жүйесіз дамуда. Бұл үлкен олқылық. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт әлдеқашан жетті. Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн», деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Президент: «Мен келесі жылдан бастап еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылдадым. Екі жыл ішінде бүгінде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылады. Осылайша, мемлекет миллионнан астам азаматтың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді», деді Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында.
Президенттің айтуынша, Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылады. Сондай-ақ оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері де пайда болады.
«Бұл төрт миллионнан астам азамат үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, телемедицина дамытылады, ол шалғай аудандардың тұрғындарына білікті көмек көрсетуге жол ашады», деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.
Біржан ӘЛІМБЕТ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
медицина саласының ардагері

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ САУДАСЫНА
ЖОЛ ЖОҚ

ҚР Президенті Қасым-Жомат Тоқаев өз Жолдауында елдегі қылмыстық ахуал, есірткі саудасы сынды аса маңызды мәселелерге де тоқталып өтті. — Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді, — деген Мемлекет басшысы олардың алдын алуға нақты шаралар қолданылатынын айтты. «Маған құқық қорғаушылар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері бірнеше рет өтініш жолдады. Олар елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау қажет екенін айтты. Бұл – орынды ұсыныс», деді Қ.Тоқаев.
Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздікке шақырған адамдарды қатаң жазалап, нақты шаралар қабылдау керек.
«Сондықтан өкілетті органдарға осы мәселені қарастырып, нақты шара қабылдауды тапсырамын. Біз кез-келген ашық арандатушылыққа және заңсыз іс-әрекетке қатаң тосқауыл қоюымыз керек. Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді», деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы соңғы үш жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өскенін атап өтті.
«Синтетикалық препараттар жыл сайын арзанырақ және қолжетімді болып келеді. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы дерлік еркін сатылады, тіпті үйіңізге дейін жеткізіледі. Бұл аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткіні өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы керек», деді Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ Президент нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет екенін айтты.

Расул БЕДЕЛБАЕВ, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.