Өз қауіпсіздігіміз үшін

0

2023 жылғы 23 желтоқсаннан 2024 жылғы 3 қаңтар аралығында Қордай ауданының аумағында «Пиротехника» атты жедел-профилактикалық шара өтуде. Мереке және жаңа жыл күндері азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, өткізу және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында адамдар көптеп жиналатын орындарды тексеруге ерекше назар аудару қажет, мысалы ойын-сауық және сауда орталықтары, сауда және спорт нысандары, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелері, қонақүйлер, қоғамдық тамақтану нүктелері, вокзалдар, стансалар мен базарлар.

Азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелгені, сақтағаны, өткізгені және пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің келесі баптары бойынша жауапкершілік көзделген:

ҚР ӘҚБтК 436 бабының 2-ші бөлігі бойынша (Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану);

ҚР ӘҚБтК 436 бабының 3-ші бөлігі бойынша (Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет);

ҚР ӘҚБтК 483 бабының 1-ші бөлігі бойынша ( Азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы );

ҚР ӘҚБтК 483 бабының 1-ші бөлігі бойынша (Қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды олардың сақталу орындарынан тыс жерлерде және (немесе) қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға лицензиясы жоқ тұлғаларға өткiзу;

ҚР ӘҚБтК 196 бабы бойынша (Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау. Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы БАҚ-та жарияланып, республикалық және облыстық телеарналарда хабарлар көрсетіледі.

Қордай аудандық полиция бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.