ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

0

Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Адам құқығы – басты құндылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және эксплуатациялау» мамандығы бойынша 2-3 курс білімгерлері және «Құқықтану» мамандығының 1 курс білімгерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адам құқықтары мен бостандықтарының маңыздылығын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу болды.

Іс-шараның басты қонағы – Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкері, полиция аға лейтенанты Алишер Курбанов Абдуманнабұлы. Кеш қонағы білімгерлерге заң талаптары, құқықтық жауапкершілік, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы кеңінен айтып өтті.

Білімгерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқық саласына қатысты маңызды ақпараттар алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен жиын жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңды құрметтеуге бағытталған тағылымды іс-шара болды.

Дилназ БАЯНБАЕВА, Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.