2026 ЖЫЛҒЫ 15 НАУРЫЗДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

0

Осы Әдістемелік ұсынымдар 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері мен новеллалары мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудың және жүргізудің бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Әдістемелік ұсынымдар төмендегі ұйымдарда пайдалану үшін арналған: мемлекеттік органдар; квазимемлекеттік сектор; білім беру ұйымдары; басқа да мүдделі ұйымдар.

Әдістемелік ұсынымдар түсіндіру жұмыстарын жүйелеуге, олардың тиімділігін арттыруға және негізгі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін практикалық құрал болып табылады.

Негізгі міндеттер түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, Конституциялық новеллаларды әртүрлі мақсатты аудиторияларға қолжетімді және сапалы жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ конституциялық нормаларды практикалық тұрғыдан түсінуге және қолдануға жәрдемдесу болып табылады.

Қабылданған Конституция еліміздің қазіргі саяси-құқықтық даму кезеңін бейнелей отырып, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары басым тұрған Әділетті Қазақстанның конституциялық құндылықтарын нақты бекітеді.

Елдің Негізгі заңының құрылымы мен мазмұны қазіргі заманғы шынайылықтар мен қоғам сұранысын ескере отырып, конституциялық модельді кешенді әрі ішкі тұрғыдан үйлесімді түрде жаңарту негізінде тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қарастырылды.

Конституция Қазақстан Республикасын дамыту мен жаңғыртудың ұзақ мерзімді стратегиясының берік іргетасы болуға арналған

Негізгі Заң Кіріспеден, 11 бөлімнен және 96 баптан тұрады.

  1. Конституцияның Кіріспесі елдің бүгіні мен болашағы үшін бағдар ретінде қызмет ететін жалпыұлттық құндылықтар мен жоғары мақсаттардың көрінісі ретінде.

Кіріспеде Негізгі Заңды қабылдаудың негізгі мақсаттары, принциптері, құндылықтары мен мотивтері жазылған, мемлекеттің миссиясы, оның тарихи контексті, әлеуметтік бағдарларды анықтайтын мәдени ерекшеліктері көрсетілген.

«Конституциялық құрылыстың негіздері» I бөлімінде Егемендікті, Тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және басқа да маңызды қағидаттарды бекітетін мемлекет ұйымының конституциялық негізін айқындайтын іргелі ережелер көрсетілген.

Мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау кепілдіктері тұжырымдамалық түрде күшейтілді, сондай-ақ оның міндеттерінің мазмұны нақтыланды.

«Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» бөлімінің жаңа атауы онда көзделген ережелердің мақсатын барынша толық көрсетеді. Бөлім декларативті тәсілден адам құқықтарына оларды нақты және заманауи қорғауға көшуге бағытталған. Конституция құқықтар мен бостандықтарды іске асыру тетіктерін нақтылау және айқындау кезінде сабақтастықты сақтайды.

Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.