Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында

0

Жазғы демалыс кезеңінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында №17 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшыларымен профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында спортшыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу, бос уақытты тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын ұстану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жасөспірімдерге спортпен тұрақты түрде айналысудың маңыздылығы түсіндіріліп, белсенді демалыс пен спорттық жаттығулардың пайдасы атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.