ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚ

0

Қордай ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп базасында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Оқутәрбие үрдісінде білім алушылардың бойында тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру жолдары» тақырыбында аудандық семинарпрактикум өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын жүйелеу, білім алушылардың бойында азаматтық жауапкершілік, құқықтық мәдениет, адамгершілік және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы тиімді тәжірибелерді бөлісу. Семинар барысында мектепішілік тәрбие жұмысының заманауи тәсілдері, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ оқушылармен жеке жұмыс жүргізудің әдістері талқыланды.

Семинар-практикумға Қордай ауданы әкімдігінің кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы А. Почуева, сондай-ақ аудан мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, тәрбие саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікірлерін ортаға салды.

Шара қорытындысында білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта бірлескен жұмысты жандандыру қажеттігі атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.