ҚҰРМАНБЕК ӘЛІМЖАН — ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК ЖУРНАЛИСІ

0

26 маусым күні облыс әкімі Нұржан Нұржігітов БАҚ қызметкерлері күніне орай өңірдегі қалам ұстаған тілшілер қауымымен кездесті. Салтанатты жиында аймақ басшысы төл мереке иелерін құттықтап, құрмет көрсетті.

Облыстағы журналистика саласының үздіктері жиналған шарада Жамбыл облыстық және Қордай аудандық газеттерінің ардагер журналисі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Құрманбек Әлімжан «Жамбыл облысының Үздік журналисі» төсбелгісін иеленді. Мәртебелі марапатты Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы,  облыстық «Ғұмыр -Дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов табыс етті.

Ойы ұшқыр, өзіндік қолтаңбасы бар журналистің жолы  кейінгі буынға тәлім екені сөзсіз. Қалам ұшымен киелі Қордай жерінің жақсылығын асырып, аудан дамуына үлес қосқан еңбек адамдарын паш етіп жүрген қаламгер осы уақытқа дейін бірнеше авторлық кітап та жазып үлгерді.

40 жылға жуық журналистика саласында тер төккен қаламы қарымды әріптесімізді марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.