ҚҰРМЕТ ПЕН МАРАПАТ

0

8 наурыз – халықаралық әйелдер күні елімізде ерекше мереке ретінде атап өтіледі. Бұл күннің мәні мен маңызы тек әйелдердің еңбегін ғана емес, сонымен қатар олардың қоғамдағы рөлін, отбасындағы қадірін, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін де айқындайды.

Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының шырағы, тәрбиенің шырайы! Олар қоғамның барлық саласында белсенді, беделді болып келеді. Осы, 8 наурыз қарсаңында «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ауданның түрлі сала мамандарын, аруларды марапаттау шарасын өткізді.

Партия филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов шара барысында әйелдердің адал еңбегі мен қажырлығын атап өтіп, оларға арнайы құрмет көрсетіп, марапаттарын табыстады.

Кездесу барысында сөз сөйлеген филиал төрағасы асыл жандарды мерейлі мерекелерімен құттықтап жылы лебізін білдірді.

«Бүгінгі шарамыздың негізгі мақсаты – отбасы мен жұмысын қатар алып жүрген аналарды көтеріңкі көңіл-күймен марапаттап, олардың еңбегін бағалау. Сіздер жұмысты да, үй тірлігін де, бала тәрбиесін де бірге алып жүріп, қоғамда ынтымақ пен рухани үндестікті сақтау үшін үлкен күш саласыздар. Осындай еңбекқор жандарды марапаттау – біздің дәстүрімізге айналған. Барлықтарыңызға жанұяларыңызға ырыс-ынтымақ тілеймін!», — деді Бейқұт Тлебалдыұлы.

Шара соңында, қатысушылар мерейлі мерекеге арнайылап шақырып, құрмет көрсетіп отырған партия ұжымына алғыстарын білдірді.

Әйелдер күніне арналып өткізілген бұл шара – олардың құндылықтарын құрметтеуіміздің көрінісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.