Құрметті аналар!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, мейірім мен махаббаттың мәңгілік символы. Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіз бен ақ пейілдеріңіздің арқасында ұрпақ тәрбиеленіп, қоғам дамып келеді.
Балаға өмір сыйлап қана қоймай, оған тәрбие мен тәлім беретін аналардың орны әрдайым биік. Елдің бірлігі мен ұлттың болашағы да ана тәрбиесімен қалыптасады. Сондықтан аналарға деген құрмет – әр азаматтың қасиетті парызы.
Осынау мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілейміз! Ана жүрегіндегі мейірім мен жылулық ешқашан сарқылмасын!